Корпоративтік хатшы қызметіне конкурс жариялаймыз!
«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік хатшы бос лауазымына конкурс жариялайды:
Корпоративтік хатшының қызметінің мақсаты қоғамның директорлар кеңесіне есеп беру, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізуге бақылау жасау, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз ету, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылау болып табылады.
Корпоративтік хатшы лауазымына қойылатын талаптар жоғары заңгерлік және/немесе экономикалық білімі, сондай-ақ корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында және/немесе басшылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Корпоративтік хатшы:
Қазақстан Расының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдармаларын және стратегиялық құжаттарын, университет Жарғысы мен ОҚПУ ішкі актілеріне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережесі, Әдеп және ақадемиялық адалдық кодексі, ішкі еңбек тәртіп Ережелерін) сәйкес нормаларын, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және ӛртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі 3х4 түрлі-түсті фотосуретімен қоса конкурсқа қатысушының қызмет тізімі;
4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын енгізген, төтенше жағдай жарияланған не әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда конкурсқа қатысушылар осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынудан босатылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 217 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87785557476, 39-02-44 (747) (заң бөлімі).