Zhanibekov university logo

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Медиа Орталық

🔹 Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттерден өтініштер мынадай тәртіппен қабылданады:

Оқуға ниет білдіруші, 24 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, І-курста – 3 жылдық оқу мерзімімен оқитын, оның ішінде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар. І және ІІ-курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен оқитын білім алушылар. І, ІІ және ІІІ-курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын білім алушылар.

🔹 Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттерден өтініштер мынадай тәртіппен қабылданады:

І-курста – 2 жылдық оқу мерзімімен оқитын, оның ішінде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар. І және ІІ-курстарда – 3 жылдық оқу мерзімімен оқитын білім алушылар. І, ІІ және ІІІ-курстарда – 4 жылдық оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын білім алушылар. І, ІІ және ІІІ, IV-курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын білім алушылар.

🔹 Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде(мемлекеттік білі беру тапсырысы бойынша)конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі. Әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің іріктеу комиссиясымен конкурстық негізде өтетіндігін хабарлаймыз.

🔹 Құжаттар 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап 30 қыркүйекке дейін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ әскери кафедрасында (Достық м.а, 3/1 ғимарат ) қабылданады.

🔹 Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

- Өтініш.

- Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).

- Әскери қызмет туралы мәліметтің анықтамасы (www.egov.kz-тен алынады).

- Көлемі 3х4 см фотосурет - 4 дана.

- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (www.egov.kz-тен алынады).

- Факультетті және мамандық шифрын нақты көрсете отырып, жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білім беру ұйымынан нақты оқитыны туралы анықтама (Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттеріне қызмет көрсету орталығы, «Үміт» орталығы).

🔹Анықтамалар және анализдер тізімі, медициналық куәландырудан өтуге жолдама 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ әскери кафедрасында беріледі. Медициналық куәландырудан өтудің алдында тиісті анықтамалар мен анализдер жиналуы қажет.

🔹 Әскери есепте тіркелген жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттерден, Басқармалардан (бөлімдерден) медициналық куәландырудан өту қажет.

🔹 Медициналық куәландырудан өткен соң медициналық куәландыру картасына қоса анықтамалар мен анализдерді әскери кафедраға тапсыруы керек.

☎️ +7 702 159-13-59

 

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18

РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

25 Тамыз 2026, 17:02