Zhanibekov university logo

EduCampShym лагерінің оқушылары жаратылыстану факультетімен танысты

Маусым 11, 2025, 1:54 Т.Қ. Медиа Орталық

Шымкент қалалық Білім басқармасымен ұйымдастырылып жатқан EduCampShym лагеріне университетті таныстыру жұмыстарын бүгін жаратылыстану факультеті ұйымдастырды.
Оқушылар жазғы лагерьде болашақ биология, география, химия пәнінің мұғалімі болу негіздерімен танысты.
Химиялық элементтер қосындысының нәтижелерін зертханаларда көріп, тамашалады. Географ саяхатшылардың әлеуметтік желі парақшаларына виртуалды саяхат жасап, интеллектуалды ойындар ойнады.
Факультет деканы Айгүл Айтбаева жаратылыстану бағытының университеттегі және саладағы маңызын түсіндіріп, аталған мамандық иесі болудың қызығы мен мүмкіндіктерін айтты.