Zhanibekov university logo

ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ

28 Қыркүйек 2026, 16:55
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі Гази университеті филиалында оқу үдерісі жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде филиалда университеттің отандық оқытушыларымен қатар, Түркиядан арнайы келген білікті мамандар да студенттерге дәріс беріп, білім алушылардың тілдік және кәсіби білімдерін жетілдіруге үлес қосуда. Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінен «Жазу дағдылары – I» пәнін оқытушы Пелин Ердоған, ал «Оқу дағдылары» пәнін оқытушы Майде Йылмаз жүргізуде. Сонымен қатар студенттерге түрік тілінен Мехмет Ер сабақ береді. Ал, оқу үдерісінің ұйымдастырылу барысымен Гази университеті филиалының үйлестірушісі (координаторы) Махмут Читил айналысады.

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев Гази университеті филиалындағы сабақ барысын көріп, Түркиядан келген мамандармен оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және білім алушыларға жасалған жағдайлар жөнінде әңгімелесті. Шетелдік оқытушылардың сабақ беруі студенттердің ағылшын және түрік тілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгеруіне, халықаралық білім беру тәжірибесімен танысуына академиялық мүмкіндіктерін кеңейтпек. Гази университеті филиалының қызметі екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық байланысты нығайтып, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.