ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ — ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев докторанттармен кездесті. Кездесу барысында ректор жас зерттеушілермен жеке-жеке танысып, олардың ғылыми-зерттеу бағыттары мен ізденістері туралы білді. Сонымен қатар докторанттардың халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған мақалаларымен танысып, ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне назар аударды.
Өз кезегінде докторанттар ғылыми мақалаларды халықаралық басылымдарда жариялау барысында кездесетін қиындықтарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Ректор жас ғалымдардың ұсыныстарын тыңдай келе, университет тарапынан нақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбековке университеттің өз ғылыми журналын ашу жұмыстарын жеделдетіп, айдың соңына дейін жүзеге асыруды тапсырды.
Кездесудің негізгі мақсаты – докторанттардың ғылыми әлеуетін арттыруға жағдай жасау, зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Басқосуда Тарих педагогын даярлау мамандығының 3-курс докторанты Шолпан Торғауытова Қайрат Рахымұлына өзінің «Қарамола ережесі» монографиялық еңбегін табыс етті. Ректор мұндай кездесулерді алдағы уақытта жиі ұйымдастырып, докторанттардың ой-пікірлерін тыңдап, мәселелерін шешуге қолдау блідіретінін жеткізді. ПЕРЕВЕДИ НА РУССКИЙ
Осыған ұқсас
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
БИОЛОГИЯ МАГИСТРАНТТАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2027 РЕЙТИНГІНДЕ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПЕН «ДАМУ ДАРА БАЛА» МЕКТЕБІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ
ОҚПУ ЗЕРТТЕУШІСІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ
«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ