Zhanibekov university logo
Image

Ағылшын тілі

Кафедра Филология

АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

Ағылшын тілі кафедрасы 1994 жылы құрылып, содан бері қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтіп, шетел тілдері саласында мамандар даярлаудағы жетекші бірлестіктердің біріне айналды. Қызмет еткен жылдар ішінде кафедра жоғары кәсіби деңгейдегі оқытушылар мен ғалымдарды біріктіріп, жаңа буын педагогтарын оқыту мен тәрбиелеуге зор үлес қосты. Кафедраның негізін қалаушылар қатарында Р.С. Крацев, Р.В. Стелье, В.Г. Лобин, Ж. Тұңғатаров, Н. Авазбаев, А.Н. Яцухин және В.А. Редкин сынды көрнекті ғалымдар болды.

Әр жылдары кафедраны беделді мамандар басқарды. 2000–2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты Жаркынбекова Назиха Қаржаубекқызы атқарды. 2012–2013 оқу жылында кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абрамова Галина Иосифовна басқарды. 2013 жылдан бері кафедра меңгерушісі лауазымын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Сманова Газиза Илесханқызы атқарып келеді.

2024–2025 оқу жылындағы профессор-оқытушылар құрамы келесідей құрылымданған:

  • 2 PhD докторы;
  • 4 доцент;
  • 5 ғылым кандидаты;
  • 4 аға оқытушы;
  • 11 магистр-оқытушы;
  • Fulbright халықаралық бағдарламасы аясында 1 шетелдік ерікті.

Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

  • 6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау;
  • 7М01703Шетел тілі: екі шетел тілі педагогін даярлау;
  • 8D01703Шетел тілі: екі шетел тілі педагогін даярлау (докторантура).

Кафедра түлектері жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, тілдік курстар мен аударма қызметі салаларында табысты еңбек етуде.

Кафедра теория мен практиканы ұштастыруға негізделген білім беру үдерісін жүзеге асырып келеді. Оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру, халықаралық тағылымдамалар мен академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуы жүйелі түрде жүзеге асырылады. Кафедраның халықаралық байланыстары кең географияны қамтиды:

  • Сманова Г.И. — Порту (Португалия);
  • Әсілбек Н.Ә. — Лос-Анджелес (АҚШ);
  • Байниязов А.Ж. — Анкара (Түркия);
  • Қалдыхан А.А. — Ливерпуль (Ұлыбритания);
  • Абдукаримова А.А. — Эрфурт (Германия);
  • Таджибаева А.А. — Осло (Норвегия).

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді түрде қатысады. 2013–2014 оқу жылында 53 студент Латвияның Рига қаласындағы Халықаралық Балтық академиясында білім алды, оның ішінде Аскар Айдана мен Байғазы Салтанат екі шетел тілі бойынша халықаралық диплом иегері атанды. 2014–2015 оқу жылында 6 студент Германияның Зиген қаласындағы Халықаралық Тіл академиясында оқыды. 2013 жылы магистр-оқытушы Қалдыхан Айым Нұрланқызы «Болашақ» бағдарламасы аясында Ливерпуль қаласында тағылымдамадан өтті.

Докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар саны артып келеді – бүгінде кафедрада 8 докторант шетел тілдері бағыты бойынша оқып жатыр. Ішкі академиялық ұтқырлық та белсенді жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, С.М. Козыбаев атындағы СҚУ, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері кафедра бағдарламалары бойынша білім алуда.

2021 жылы «6В01703 – Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы аясында 53 студент Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде білім алды. Студенттерді шетелге шығарып салу алдында университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева оларға сәттілік тілеп, өз университеттерін халықаралық деңгейде лайықты таныстыруға шақырды.

2024–2025 оқу жылында 7М01703 бағдарламасы бойынша 8 магистрант Гази университетінде (Анкара, Түркия) тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, 8D01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі педагогін даярлау (докторантура) бағдарламасы аясында докторанттар шетелдік жетекші университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтті:

  • Антонцева Д.А. — Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті (Мәскеу, Ресей);
  • Космуратов А.У. — Вроцлав университеті (Вроцлав, Польша);
  • Тазабекова Г.Б. — Вроцлав университеті (Вроцлав, Польша).

Кафедраның тарихында халықаралық еріктілік бағдарламаларының да маңызы зор. 2021 жылдан бастап кафедра Fulbright бағдарламасы аясында АҚШ-тан келген оқытушылармен (Онейл Дарби, Джошуа Дуфо, Ишанпепе Джагуса) бірлесе жұмыс жүргізуде.

Ағылшын тілі кафедрасы заманауи талаптарға сай білім берудің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, инновациялық тәсілдерді белсенді енгізу арқылы ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, болашаққа сенімді қадам басуда.