Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі шешендік өнер бойынша “Speech Contest 2025” олимпиада-байқауы өтті.
Байқаудың тақырыбы - “Тіл және мәдениет”. Жарысқа Қазақстанның 12 оқу орнынан 41 студент қатысты. Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші турда қазылар алқасы қатысушылардың бейнежазбаларын қарастырса, екінші турда “Language and Culture” тақырыбында презентацияларымен сөз сөйледі.
Жеңімпаздардың қатарында Ағылшын тілі кафедрасының білім алушыларымыз да табылды:
- Усанов Нурлан, 1703-32 оқу тобы, жетекшісі: Әсілбек Н.Ә.;
- Әміреш Аружан, 1703-12-5 оқу тобы, жетекшісі: Жекебаева Р.Д.;
- Сарыбай Сымбат, 1703-12-2 оқу тобы, жетекшісі: Сманова Г.И.;
- Оразхан Нұрбақ, 1703-12-4 оқу тобы, жетекшісі: Әсілбек Н.Ә.