Ө.
ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ
ФАКУЛЬТЕТІ
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ филология факультетінің
аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы
23.01.25 күні мектептердің 9 және 10
сынып оқушылары арасында “Ағылшын тілі» бойынша жыл сайынғы пәндік олимпиада өткізді
Олимпиада екі кезеңде өтті.
1. Поэтикалық көркем мәтінді қазақ немесе орыс тіліне
аудару
2. Тыңдалған мәтінді ағылшын тілінен қазақ немесе орыс
тіліне аудару және сол бойынша берілген тапсырмаларды орындау.
Олимпиадаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының
мектептерінен барлығы 26 оқушы қатысты. Олимпиада барысында әсіресе З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей
оқушылары белсенді қатысып, өздерінің ағылшын тілінен жоғары білімі мен ұшқыр
ойларын көрсетті. Олимпиада соңында кафедра меңгерушісі қорытынды сөз
сөйлеп, жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі
дипломдар, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады.