Zhanibekov university logo
Image

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері

Кафедра Өнер және білім
Image

Кемешов Диллабай Колдасович

1975 жылы 8 Март жалпы орта мектебін бітірді 1975 жылы Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесіне оқуға түсіп бейнелеу өнері және сызу мұғалімі мамандығын алып 1979 жылы Шымкент «Көркемсурет училищесін» аяқтады. 1984-89ж.ж. Низоми атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының бейнелеу өнері және сызу мұғалімі мамандығын аяқтады. 1994ж. НИИ школ РФ Мәскеу қаласында кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылы Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясына мүше- корреспонденті Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің арнайы диссертациялық кеңесінде докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері: жалпы 172 астам ғылыми еңбектерінің авторы оның ішінде 5 монография, 15 оқулық, 19 оқу құрал, 23 әдістемелік нұсқау, 95 ғылыми мақалалар, 5 электрондық оқулық, 16 таспа лекциялар жарық көрді. Еңбек тәжірибесі: жалпы --жыл 1979 жылы 8 Март жалпы орта мектебінде бейнелеу өнері және сызу мұғалімі болып қызмет атқарды. 1991 ж. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының Кескіндеме кафедрасының оқытушы қызметін атқарды. 1998ж. А.Ясауй атындағы ХҚТУ ШИ Дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2003ж. Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің ғылыми жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2007-2013 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі. 2003-2007 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің арнайы диссертациялық кеңесінің мүшесі. 2008-2010 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің арнайы докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Кәсіби шығармашылық факультеті, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының Педагогика ғылымдарының докторы, профессоры.