Zhanibekov university logo
Image

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері

Кафедра Өнер және білім
Image

Жаңбиршев Султанбек Наханович

1977 жылы орта мектепті бітірген. 1977-1981 Кентау тау-кен металлургиялық техникумының электромеханика мамандығын бітірген. 1982-1984жж Кеңес әскері қатарында 1985-1990 ж.ж. Шымкент педагогикалық университетінде көркем сурет және графика факультетін бітірген. 2008 жылы кандидаттық диссертацияны 13.00.02 – Отандық кескіндеме арқылы мектеп оқушыларына адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру. 2015 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесіне енген. Ғылыми еңбектері: 35 ғылыми және әдістемелік еңбектері жарияланған. 1995 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сурет көрмелеріне қатысты.2016 жылы және 2018 жылы жеке шығармашылық көрмесі қойылған. Шығармашылық туындылары көрмеге қойылып, кітапша беттеріне жарияланған. Еңбек өтілі: 32 жыл. 1990 жылы Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ-нің Сурет кафедрасында оқытушы. 2007 жылы ОҚПУ аға оқытушысы, 2009 жылы АИУ аға оқытушы, «Бейнелеу өнері және Дизайн» кафедрасының кафедра меңгерушісі 2012жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерішісі. 2014 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады. Марапаттары: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хаттармен, марапаттармен және құттықтау қағаздарымен марпатталған. 2021 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің алғысын хатын алған. 2021 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.