Zhanibekov university logo
Image

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері

Кафедра Өнер және білім
Image

Джунисбекова Майра Артыкбайқызы

2000 жылы Мақташы жалпы орта мектебін бітірген. 2000-2004 жж. Сырдария университеті, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын алып шыққан. 2012-2014 жж. Сырдария университетінде Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогика ғылымдарының магистрі атанған. Ғылыми еңбектері: 8 ғылыми, ғылыми-теориялық, халықаралық конференцияларда жарияланған. КЭД – 16, ЖЖ- 6, оқу-әдістемелік құрал-2 Еңбек тәжірибесі: жалпы еңбек өтілі 14 жыл. 2004- жылдан бастап педагогикалық, ғылыми-әдістемелік - 14 жыл. 2004-2008 жж. Сырдария университетінде оқытушы болып жұмыс жасаған. 2011-2012 жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Сәндік өнер орталығында шеберхана меңгерушісі қызметін атқарған. 2012-2013 жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Сәндік өнер орталығында оқу шебері қызметін атқарған. 2013 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасында оқу шеберімен қоса магистр оқытушы болып қызметін атқарады. Марапаттары: Еңбек кітапшасына енгізіле отырып, қоғамдық, өндірістік және ғылыми-педагогикалық жұмыстар үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. 2020 жылы ОҚМПУ 80 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған. Шымкент қаласы