ЖАСТАР «ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ» ОҚИДЫ
7 Ақпан 2025, 19:01
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы шығарған “Дін мен дәстүр” ІІІ кітабының таныстырылымы өтті.
Кітаптың таныстырылымына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жинақтың құндылығына тоқталды.
— Халқымызда «Уықты басқұр сақтайды, халықты дәстүр сақтайды» деген сөз бар. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы халқымыздың дәстүріне ерекше көңіл бөледі, соның дәлелі ретінде біраз жыл бұрын муфтиятта дін мен дәстүр бөлімі ашылды. Мақсатымыз — ұлттың салтын сақтап, дәстүрін дінімізбен бірге сабақтастыра отырып дәріптеу. «Жақсы заңын болғанша, жақсы дәстүрің болсын» деген қанатты қағиданы білесіздер. Дәстүр еліміздің жылдар бойғы қалыптасқан салты. «Дінді ұстан, дәстүр жолымен әмір ет» деген де сөз бар. Орта Азия халықтары діни басқармалары арасында былтыр «Ислам діні жергілікті халықтың дәстүрін қолдайды деген арнайы құжат қабылданды. Өздеріңіз білесіздер, ислам дінін жамылып, сәлем салу, домбыра тартуды ширк деушілер қоғамды адастыра бастады. Бұл кітап — жастарымызды осындай жат ағымдардан сақтандыру үшін атқарып жатқан жұмыстарымыздың бір ғана көрінісі, - деді бас мүфти.
Таныстырылымға қатысқан ардагерлер мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері ысырапшылдық, құдайы аста сөз сөйлеуге қатысты ойларын білдіріп, тұшымды жауаптар алды. Ал, университет Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек арнайы факультетте діни бағытта қолға алынған зерттеу жұмыстарына тоқталып, оқытушылардың іргелі ізденістерінде аталған кітаптың зор көмек болатынын білдірді.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі «Қазақстан» мәжіліс залында студенттермен рухани-танымдық семинарға жалғасты. Ал, құндылығы зор жаңа кітапты университеттің Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасынан алып оқуға болады.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45