Zhanibekov university logo

ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

28 Қазан 2026, 12:48
Медиа Орталық

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, онда айтылған басым бағыттар мен жаңа бастамаларға қолдау білдірді.

Маңызды саяси құжатта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім мен ғылымды жетілдіру, жастардың әлеуетін арттыру және мемлекеттің болашағына қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Университетте өткен Жолдауды тыңдау шарасына профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушы жастар қатысты. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, Жолдауда көтерілген бастамалардың маңызы мен қоғам үшін өзектілігін талқылады.

Іс-шара барысында университет Басқарма төрағасы-Ректоры Қайрат Балабиев, қызметкерлер мен жастар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің білім беру саласын дамытудағы маңызына тоқталды. Олар елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда білім мен ғылымның, сапалы маман даярлаудың және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырудың рөлі зор екенін атап өтті.

Жәнібеков университетінің ұжымы Президент Жолдауында айтылған бастамаларды қолдай отырып, білім беру мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға және ел болашағы үшін жауапкершілікпен еңбек етуге дайын екенін білдірді.

Осыған ұқсас