ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ҮШІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының” студенттері республикалық пәндік олимпиадада жүлделі үшінші орын иегері атанды.
Қ.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 6В013-Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша өткен сайыс “Болашақ табысты ұстаз -ұлт кепілі" тақырыбымен өтті. Олимпиада жүлдегерлері Жүсіпбек Аяулым, Жамалова Шұғыла, Рахматулла Ерсултан, Өтелхан Толғанай "Мұғалім табысқа жетелейді", "Мен оқимын, талдаймын', "Математика" , "Күш білімде", "5 минутта жаса", "Педагогикалық сайыс" атты кезеңдерде болашақ бастауыш сынып мұғаліміне қажет шеберлігі мен кәсіби біліктілігін көрсете білді. Топ жетекшісі — кафедраның аға оқытушысы п.ғ.к Зәуре Қуанышбаева.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ