УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРНЕШЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ МАРАПАТЫН ИЕЛЕНДІ
*Құттықтаймыз!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бірнеше қызметкерлері кәсіподақ ұйымының марапатын иеленді.
Атап айтқанда, Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталса, Басқарма мүшесі-Ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков “Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін” төсбелгісіне ие болды. Осындай алтын төсбелгімен ғалым хатшы Ақлима Байғұт марапатталды. Сондай-ақ Айдайқыз Байбатшаева, Өмірәлі Тұрысқұлов, Альмира Ибашова, Ынтымақ Жәукебаев, Қайрат Мамаев, Қайрат Анарбаев, Алена Досбағанбетова, Ғазиза Сманова, Күмісай Қыстаубаеваның да кеудесінде күміс төсбелгі жарқырады. Ал, Арман Қылышбаев кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасына, Бекдәулет Тасболат Алғыс хатқа ие болды.
“Бұл марапаттар 10-қазан Кәсіподақтар күні қарсаңында Қазақстан Кәсіподақ ұйымының құрылғанына 100 жыл, Қазақстандық Салалық ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының 35 жылдық мерейтойы қарсаңында беріліп отыр” - дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәди Бесбаев.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ