Zhanibekov university logo

ЖАРҚЫРА, ЖАЙДАРМАН!

Сәуір 29, 2025, 6:10 Т.Қ. Медиа Орталық


Zhanibekov University-де Жайдарман әзіл-сықақ ойындарының сайысы өтті. Жастардың күлкі жәрмеңкесіне әр факультеттен құралған ойыншылар қатысты. Атап айтқанда, Торпеда (ТарПед), J - DRIVE (Жарфак), ADIDAS (спортфак), F-4 (филфак).

Ойынды Шымкент жастар құрамасы КВН командасының капитаны, университеттің Жайдарман КТК үйірме жетекшісі Тағай Нұралиев жүргізді.

Нәтижесінде:

1-орын: J-DRIVE

2-орын: F-4

3-Торпеда

Үздік ойыншы: Төлбай Естай (F-4 командасы)

«Көрермен көзайымы» болған ойыншы – Маржан Сәуірбай (ADIDAS командасы).

Республикалық JAIDARMAN TOP ойындарының қатысушысы, Шымкент қаласының вице-чемпиондары - АҚБҰЛАҚ ҚҰРАМАСЫ қонақ болып, өнер көрсетті.

Ал, қазылар алқасы:

1. Дәнекер Оразбай - НЫСАНА театрының актеры

2. Медет Досханаев - Әзіл әлемі театрының актеры

3. Нұрсұлтан Үсенов - Сырдария құрамасының ойыншысы

4. Өсер Бердібеков - ОҚМПУ жайдарман тобының капитаны

5. Марат Ерімбетов - "Мұра" ұлттық шығармашылық орталығының басшысы болды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.