Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелерімен кездесу өтті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелерімен кездесу өтті.
ҚР Парламент мәжілісі депутаты Болатбек Нәжметдинұлы бастап келген штаб мүшелері АЭС салудың тиімділігін, егер бұл шешім қолдау тапқан жағдайда туатын мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндірді. Келешекте энергия тапшылығынан құтылу, мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы, озық технологиялардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайтуы сияқты бірнеше тетіктерді жеткізді.
Өз кезегінде университет мамандары да пікір білдіріп, уранның қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу деректерінен дәйектер келтірді. «Зерттеулерге сәйкес, бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Бұл электр стансасының қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі айтарлықтай екендігіне көз жеткізуге болады» дейді биология ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экология және Тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Халима Сартаева. Жиынды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп отырды.
Айта кетелік, елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6-қазанда өтетіні нақтыланды.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ