Түркияның Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары «Болашақ 500 ғалым» бағдарламасы аясында Түркияның Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Б. Шағраева, Г. Сыздықова, Н. Шертаева және А. Қосауова қатысып жатқан бұл тағлымдама білім беру саласындағы зерттеулерге бағытталған. Негізгі мақсаты – химия, биология және тарих пәндерін оқытуда виртуалды және кеңейтілген шындық технологияларын қолданудың теориялық әрі практикалық аспектілерін зерттеу.
Ғалымдарымыз шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырып, білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында жаңа әдістер мен инновациялық ғылыми-зерттеулердің әдіснамалық аспектілерін талқылайды. Бұл тәжірибе халықаралық деңгейде білім беру үрдісін жетілдіруге, заманауи технологияларды және білім беру практикасындағы жаңа трендтерді тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ