МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ КУРС СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
23 Маусым 2025, 13:25
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы педагогикалық университетінде Үздіксіз білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік-кәсіби құзыреттіліктерін дамыту" атты біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады. Бұл — университет тарихындағы мектеп мұғалімдеріне арналған алғашқы кәсіби даму курсы ретіндегі маңызды бастама.
Курсқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласының мектептерінен ағылшын тілі пәнінің 17 мұғалімі қатысып, пәндік және әдістемелік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған оқу бағдарламасын сәтті меңгерді. Оқыту барысында тыңдаушылар заманауи педагогикалық технологиялармен, инновациялық әдіс-тәсілдермен, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдарымен танысты. Курс мазмұны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығына сәйкес әзірленіп, министрлік тарапынан ресми түрде бекітілген. Оқу үдерісіне университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы мен білікті тренерлер жұмылдырылды.
Курстың салтанатты жабылу рәсімінде университет Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөз сөйлеп, мұғалімдердің кәсіби ізденісіне жоғары баға берді. Ол өз сөзінде мұндай курстардың болашақта да жалғасатынын, университет пен өңір мектептері арасындағы байланыстың нығая түсетінін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №95 бұйрығы негізінде арнайы сертификаттар табысталды.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы педагогикалық университеті алдағы уақытта да мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған бағдарламаларды тұрақты түрде жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45