Zhanibekov University түлегі Британия университетіне шақыру алды!
Zhanibekov University–нің түлегі Әсем Русланқызы Британияның үздік университетінің бірінен магистратура бағдарламасына шақырту алды. Ол Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ағылшын тілі кафедрасының екі шет тілі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының биылғы түлегі. Шақырту English Studies (Ағылшын тілін оқыту) бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінен келіп отыр.
Әсем ағылшын тілін оқытуда қабілетті жас маман. Қазір түрлі деңгейдегі топтарға ағылшын тілін үйретіп, тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі ғылыми шараларға, атап айтқанда Integrity Project аясында іске асырылған «Баршаға қолжетімді білім» жобасына қатысты. Әсемнің таңдаған мамандығы еліміздегі ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған. Ол үшін тіл - тек қатынас құралы ғана емес, мәдениетаралық келісім мен түсінісу, жеке тұлға болып дамудың маңызды кілті.
Айта кетелік, Ноттингем университеті (University of Nottingham), әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнының бірі және Британияның Рассел Груп (Russell Group) жетекші зерттеу университеттерінің құрамына кіретін білім ордасы болып табылады. Біз осындай түлектеріміздің барына мақтанамыз!
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ