СТУДЕНТТЕРГЕ «ЖӘНІБЕКОВТАНУ» ПӘНІ ОҚЫТЫЛАДЫ
Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні. Осыған орай университетте «Өзбекәлі
Жәнібеков және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» атты іс-шара өтті.
Іс-шара қонақтары университет
ғимаратындағы ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, медиаорталық әзірлеген
«Ойтолғақ» деректі фильмін тамашалады. Филология ғылымдарының докторы,
профессор Құлбек Ергөбек аталмыш тақырып төңірегінде ұзақ ой өрбітті. Кесенеде
жыл сайын үздіксіз жүргізіліп келе жатқан жаңғыру жұмыстары ең алғаш
Жәнібековтен басталғанын, мемлекет қайраткері бұл іске бастамашыл ғана емес, қара
жұмысына дейін білек сыбана кіріскен тұлға болғанын тарихи естеліктермен
әңгімелеп берді.
Ал, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы
Айғаным Серім мен інісі Нұржан Серімов руханият жанашырының қандай істі де «мен
атқардым» деп жариялауға, мақтанқұмарлыққа бейіл болмағанынан кейбір тірліктерін
әркім өзіне теліп, еңбегін жоққа шығарып жүргеніне қынжылды. Айғаным апа
сондай-ақ, бүкіл саналы ғұмырын тұлғаны насихаттауға арнап келе жатқанын, өзі
басқарған колледж жастарына да айта жүруден жалықпағанын тілге тиек етті.
Іс-шараны университет Басқарма
мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл
Исабек жүргізіп, оқу орнында Өзбекәлі Жәнібеков жұмыстарын насихаттау
бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Бүгінде арнайы Өзбекәлі Жәнібеков орталығы
мұраларын жинақтап, туыстарымен байланыс орнатып, еңбектерін насихаттаумен
айналысады. Бұдан бөлек дәстүрлі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясы, жас ақындар айтысы ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ,
студенттерге Жәнібековтану сабағы енгізіліп, Баршагүл Қашқынқызы мен Әлем
тарихы және дінтану кафедрасының профессоры міндетін атқарушы Бекмұрат
Найманбаевтың жетекшілігімен екі докторант ғылыми зерттеумен айналысуда. Шараны
университеттің Өзбекәлі Жәнібеков орталығы ұйымдастырды.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ