80-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕПТЕ СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ
🔹 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 3 курс студенттері 2-қыркүйектен бастап академиялық кезеңмен қатар аптасына 2 күндік педагогикалық практикаға жіберілді.
🔹 Орнықтыру конференциясы – болашақ педагогтардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамын айқындап, педагогикалық практиканың маңызды бастамасы болып табылады. Конференция барысында білім алушыларға педагогикалық практика мақсаты мен міндеттері таныстырылып, мектептердегі іс-тәжірибе кезеңінің талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар берілді.
🔹 Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев педагогикалық практиканың теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, болашақ ұстаздың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған шешуші қадам екендігін атап өтті.
🔹 — Біздің университетіміздің басты мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай, шығармашыл, жауапты және бәсекеге қабілетті ұстаздарды даярлау. Осы тұрғыда практика барысында білім алушыларымыз мектеп өміріне етене араласып, оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің қыр-сырын меңгереді, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау тәжірибесін жинақтайды, —деді ол.
🔹 Педагогикалық практика студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне жағдай жасауға және педагогикалық тәжірибені игертуге мүмкіндік жасайды. Орнықтыру конференциясына Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректормен қатар, академиялық департамент директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері, педагог және психолог әдіскерлер қатысты.
🔹 Қазіргі таңда университет бойынша 1900-дан астам білім алушы Шымкент қаласындағы 80-ге жуық білім беру ұйымдарына педагогикалық практикадан өтуге жіберілді.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ