ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
АҚШ Бас консульдығының қолдауымен
университетке ағылшын тілі маманы Эхаб Халаф (Ehab Khalaf) келді. Ол Ағылшын
тілі кафедрасының студенттері мен магистранттарына дәріс оқып, тәжірибе
бөліседі. Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев шетелдік
оқытушыны қабылдап, ағылшын тілі қазіргі таңда жастардың әлемдік аренаға
шығуының негізгі кілті екенін атап өтті. Кездесуге Басқарма мүшелері мен
кафедра меңгерушісі қатысты.
Алматыдағы АҚШ Бас консульдығының өкілі
Нұргүл Жаңабаева университет басшылығына ағылшын тілі оқытушысы Эхаб Халафтың
тағылымдамасына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Эхаб Халаф –
Сан-Франциско университетінің (University of San Francisco) «Ағылшын тілін өзге
тіл иелеріне оқыту» (TESOL) мамандығы бойынша магистрі. Ол заманауи әдістер мен
технологияларды тиімді кіріктіре отырып, студенттердің тілдік құзыреттілігін
дамытуда мол тәжірибеге ие.
Айта кетейік, Эхаб Халаф – English
Language Fellow (EL Fellow) бағдарламасы аясында шақырылған оқытушы. Бұл – АҚШ
Мемлекеттік департаменті демеушілік ететін қоғамдық дипломатия саласындағы
халықаралық бастама. Бағдарламаның басты мақсаты – өзара түсіністікті нығайту,
ағылшын тілін оқытуды жетілдіру және білім алушылар мен жас ғалымдардың кәсіби
біліктілігін арттыру. Бұл ынтымақтастық – университетіміз үшін халықаралық
әріптестікті дамыту мен ағылшын тілін оқытудың сапасын арттырудағы нақты қадам
болып табылады!
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ