ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY –де терроризмге
қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары мен оларды іске асыру шаралары бойынша
оқыту семинары өтті. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы мен факультет
декандары, әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысты.
Терроризмге қарсы күрес қауіпсіздік
мәселелері бөлімінің басшысы Қуанышбек Жұмақұлов университет аумағындағы
қауіпсіздік мәселелері туралы баяндама жасап, қатысушыларға тиісті нұсқаулықты
таныстырды. Бүгінде оқу орын нысандарында «Қолжеткізуді басқаруды қадағалау
жүйесі» негізінде арнайы турникеттер орнатылған. Барлық қызметкерлер мен білім
алушыларға турникеттен өту жүйесі арнайы карточкалар арқылы жолға қойылған. Ал,
карточкасы жоқ , сырттан келген тұлғалар арнайы кезекшілік журналына тіркеліп,
кімге және не мақсатпен келіп отырғаны анықталып, келісіммен ішке кіргізіледі.
Бұдан бөлек, бейнебақылау камераларымен
толық қамтамасыз етіліп, Университет бойынша жалпы 317 бақылау камерасы, оның
ішінде 75 сыртқы камера жедел басқару орталығына қосылға. Автокөлік тұрағына
кірудің белгілі тәртібі ұйымдастырылған. Қуанышбек Жұмақұлов сондай-ақ,
обьектіге әкелуге тыйым салынған заттар тізімімен таныстырды.
— Кез-келген террорлық әрекет немесе
өзге де техногендік апаттық жағдай орын алған уақытта бірінші кезекте шұғыл әрекет
ету қызметтеріне, яғни, ҰҚК кезекші қызметі — 110, бірыңғай кезекші-диспетчер —
112, өртке қарсы қызмет — 101, ішкі істер органдары —102, жедел медициналық
көмек — 103 нөміріне қоңырау шалып, болған жағдайды баяндап, қызметкерлер,
білім алушылар ғимарат ішінен эвакуациялану қажет, — дейді маман.
Жиында сондай-ақ, азаматтық қорғаныс
штабының маманы, төтенше жағдайда азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігін
ұйымдастырушы Есен Дайырбеков азаматтық қорғаныс негіздерін еске салып, тағы
бір рет пысықтады. Ал, оқыту семинарын жүргізген Басқарма мүшесі—Стратегиялық
даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек факультет
декандарына терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары бойынша барлық
студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өткізілген іс-шара хаттамасын
жолдауды тапсырды.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ