ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да академиялық күнтізбеге сай, қысқы емтихан сессиясы жалғасуда. Жоспарға сай емтихан кезеңі 15-26 желтоқсан аралығына, ал FX бағаны қайта тапсыру 29-30 желтоқсан аралығына белгіленген.
Емтихан сессиясының бекітілген кестесі «Платонус» жүйесіне 1-желтоқсанда
енгізіліп, білім алушылардың назарына ұсынылды.
— Ауызша, жазбаша, тестілеу, шығармашылық және жоба түріндегі емтихандар күн сайын 4 ғимаратта қабылдануда. Емтихандардың талапқа сай өтуі университет мониторингтік тобы, комплаенс-офицер және Тіркеу офисі тарапынан қадағалануда. Бүгінге дейін 816 емтихан өтіп, жазбаша және тестілеу емтихандары бойынша 7 апелляциялық өтініш тіркелді, — дейді Тіркеу офисінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Мамаев.


Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ