ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ — ЖАҢА ДАМУ БАҒДАРЫ
Әр жыл басында дәстүрге айналғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 қаңтар күні “Turkistan” газетіне ауқымды сұхбат берді. Бұл сұхбатта Мемлекет басшысы елдің стратегиялық даму бағыттарын, соның ішінде жастар және тәрбие, білім беру саласына қатысты ой-пікірлер мен міндеттерді жан-жақты талқылады.
Осыған орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
ОҚПУ Басқарма мүшесі —Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі
проректор Баршагүл Исабек университет қызметкерлері мен оқытушы-профессор
құрамымен Президент сұхбатына байланысты алдағы жұмыс жоспарын талқылады.
— 2026 жыл Қазақстан үшін Цифрландыру
мен жасанды интеллект жылы деп жарияланды, ал бұл жастар үшін ең үлкен
мүмкіндіктің кілті екені Президент сөзімен нақты айқындалды. Мемлекет басшысы
бұл бағытты Қазақстанның жаңа даму кезеңінің басты қозғаушы күші ретінде
танытып, жастарды осы стратегиялық бағытқа тиімді жұмылдыру қажеттігін атап
өтті. Жастардың саналы, ақпаратты қабылдауы жоғары, технологиялық білімі мен
дағдылары жоғары буынға айналуы ел болашағы үшін маңызды екенін Президент
ерекше айтты. Бұл — олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға педагогикалық
университет тарапынан да ерекше көңіл бөлу керек екенін көрсетеді, —деген
Баршагүл Қашқынқызы сапалы тәрбие ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізі екенін
атап өтті.
Ал, Тәрбие және жастар саясаты
департаментінің директоры Қайрат Анарбаев: — Президенттің айтуынша, жастарды
тәрбиелеу ұлттық құндылықтар мен мәдениет, тіл және дәстүрлерге сүйенген
ағартушылықпен бірге жүруі тиіс. Педагогикалық университеттердің студенттері
мен болашақ ұстаздары үшін бұл — дәстүрлі құндылықтарды сақтау бағытында шығармашылық
пен зерттеу жұмыстарын дамытуға мүмкіндік, — дейді.
Университет декандары мен тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары, психологиялық қолдау орталығы мен дін саласының
мамандары қатысқан жиында тәрбиелік бағдарлама мен білім мазмұнын жаңарту
қажеттілігі жоспарланды. Оқытушылардың айтуынша, ЖИ білім беру сапасын
арттырудың жаңа тетігі ретінде қарастырылуы тиіс. Жастарды құқықтық мәдениетке,
жауапкершілікке тәрбиелеу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Биыл — Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95
жыл. Осыған орай оқу орнымызда ұйымдастырылатын шаралар ұлттық құндылықтар мен
құқықтық санаға негізделіп, білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне
айналуы тиіс. Бұл туралы тиісті жауаптыларға Баршагүл Қашқынқызы нақты
міндеттер жүктеп, жұмыс жоспары мен ұсыныстар дайындауды тапсырды.
«Президенттің “Turkistan” газетен берген сұхбаты жастарды, әсіресе болашақ ұстаздар мен педагогтар қауымын жаңа Қазақстанның дамуына белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ, педагогикалық университеттің стратегиясын қалыптастыруда, жастарды тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыруда нақты бағдар мен жаңа көзқарастар береді» десті жиынға қатысушылар.




Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ