ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқу тобы тәлімгерлерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. Жиын барысында университеттегі тәрбие, әлеуметтік және психологиялық қолдау жұмыстарының өзекті бағыттары талқыланды.
Жиналыста университеттің Басқарма мүшесі
– Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек
тәрбие және әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұлттық идеология негізінде
ұйымдастырудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол студенттердің тұлғалық дамуы,
азаматтық жауапкершілігі мен құндылық бағдарын қалыптастыруда тәлімгерлердің
рөлі ерекше екенін атап өтті.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
департаментінің директоры Қайрат Анарбаев тәрбие жұмыстарының іс-қағаздарын
нормативтік талаптарға сай жүргізу, заң мен тәртіп аясындағы жұмыстарды
күшейту, тәлімгерлердің студенттермен тығыз әрі жүйелі байланыста жұмыс істеуі
қажеттігін нақтылады. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің жеке қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, тәрбиелік іс-шаралардың сапалы ұйымдастырылуы, спорт пен өнер
саласында университет пен ел намысын қорғап жүрген студенттерге академиялық
қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиналыс барысында Психологиялық қолдау
орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова арнайы слайдтық баяндама жасап, 2025–2026
оқу жылында студенттердің психологиялық жеке кеңес беру қызметіне жүгіну
көрсеткіштеріне талдау ұсынды. Баяндама қорытындысында қарым-қатынастың тек
ақпарат алмасу емес, өзара сенім мен түсіністікке негізделген психологиялық
үдеріс екені атап өтілді. Тиімді қарым-қатынас студенттердің мінез-құлқына, оқу
мотивациясына және тұлғалық дамуына тікелей әсер етеді.
Жиын аясында студенттермен қарым-қатынаста жіберілетін қателіктер, кәсіби және этикалық шекараларды сақтау, белсенді тыңдау, дұрыс кері байланыс беру және бірлескен шешім қабылдау дағдыларының маңыздылығы талқыланды. Жалпы алғанда, жиналыс қорытындысы университетте тәрбиелік, әлеуметтік және психологиялық қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру және тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.



Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ