«Қаңлы мемлекеті: археологиялық деректердің жаңа ашылулары мен интерпретациясы» тақырыбында «дөңгелек үстел»-кездесу өтті
17 Сәуір 2025, 12:22
Медиа Орталық
Zhanibekov University-де «Қаңлы мемлекеті: археологиялық деректердің жаңа ашылулары мен интерпретациясы» тақырыбында «дөңгелек үстел»-кездесу өтті. Кездесу қонағы Орта Азияның көрнекті археологы, тарих ғылымдарының докторы, университеттің құрметті профессоры А.Н.Подушкин болды. Шараға «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Кездесуде ғалымның құнды археологиялық олжаларымен танысуға мүмкіндік берілді. Қаңлы мемлекетінің қазіргі заманғы архелогиялық зерттеулері, Орталық Азия мен Ұлы Жібек жолы тарихындағы рөлі талқыланды.
А.Н.Подушкиннің шолу дәрісінде жас ғалымдарға алғаш рет ХХ ғасырдың 60-жылдарында Николай Павлович Подушкин құрған, қазір Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Археологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы ретінде жұмыс істейтін ғылыми мектептің жұмысы көрсетілді.
Орта Сырдария бассейінің Арыс өзені мен орта Амударияның ежелгі Хорезмнің аумағындағы б.д.д.ІІ ғ.-б.з.IV ғ., мықты Қаңлы мемлекетінің археологиялық және антропологиялық зерттеулері, материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері, халқы туралы мәліметтер, демографиясы, дипломатиялық байланыстары, көшпенділер мен отырықшы қоныстар қатынастарын дамытудағы геосаяси құндылығы, нумизматика, әскери жабдықтар, қанжарлар мен қылыштардың тұтқаларына ойып жазылған аңшылық элементтері, діни нанымдар, қыш ыдыстар, жерлеу рәсімдері көрсетілді. А.Н.Подушкин өз зерттеулеріндегі қаңлы мемлекетінің тарихи-мәдени аймақ кешені ретінде бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ тарихи маңызын дәлелдейтін мәліметтермен таныстырды.
Ұсынылған артефактілердің ішінде археолог ғалым ұсынған бірегей және қатысушылар үшін ең қызықтысы — «Қаңылы хатының» арамейлік нұсқасы болды. ХХІ ғасырдағы Қазақстандық археологиялық ғылымның және бүкіл Орта Азияның тарихи мұрасының қайталанбас элементі болып табылатын сенсациялық олжа — тарихта ерекше тарихи құндылығы бар Оңтүстік Қазақстанның қуаты мен ірі өркениетінің дәлелі болып табылатын этнология, мәдениеттану, дінтану, дипломатия және археология саласында Қазақстан мен Орталық Азия ғалымдарының ғылыми ынтымақтастығын кеңейту үшін негіз болып табылады.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45