ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮШІН ОЙЫН МАКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай Өнер және білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі білім беру процесіндегі заманауи тенденциялар” атты республикалық ғылыми семинары өтті. Семинарға университеттің Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Ержан Керімбеков, Өнер және білім факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айдайқыз Байбатшаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.к. Р. Керімбаева және Тараз қаласының бірқатар бөбекжай-бақшасының меңгерушілері мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Семинар барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.к Р.Керімбаева "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының "Ulttyq tárbıe" идеологиялық платформасы жобасы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын макеттерін қолдану нәтижелерімен бөлісті. Ұсынылған ойын макеттері балалардың танымдық белсенділігін арттырады және салт-дәстүр, мәдениет элементтерін ойын формасында үйрету мүмкіндігі болып табылады. Оқытушылар балалардың шығармашылық, коммуникативтік дағдыларын дамытатын тәрбие процесінің тиімділігін талқылады. Ғылыми семинар жоғары оқу орны мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім беру сапасын арттыруға үлес қосады.


Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ