ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Жеке бостандық құқығы: зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін құқықтық негіздер мен жауаптылық» тақырыбында жастармен психологиялық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жастарға жеке бостандық құқығының маңызын түсіндіру, зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу сияқты құқық бұзушылықтардың психологиялық және құқықтық салдарын талқылау, олардың алдын алу жолдарын көрсету, заң алдындағы жауаптылық туралы ақпарат беруге арналды.
Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог маманы Үміт Қоңырат сөз сөйлеп, жастар арасында кездесетін қысым көрсету, қудалау (сталкинг) және мәжбүрлі неке мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар «Сталкингке жол жоқ» және «Қыз алып қашу – дәстүр емес, заң бұзушылық» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылармен талқыланды. Кездесуге арнайы шақырылған «Ана үйі» қоғамдық қорының аймақтық басшысы Қалдар Төнтекова отбасылық құндылықтар мен әйелдер құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді. Шара соңында студенттер өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды.

Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ