ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Quantum Air» командасы «Pi-Synergy 2026 — International Engineering Mindsets Competition» атты Халықаралық инженерлік ойлау зияткерлік байқауында 30 команда арасында жүлделі 3-орынды жеңіп алды!
Халықаралық Пи саны күніне арналған инженерлік ойлау зияткерлік байқауы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтті. Байқауға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан Республикасынан және еліміздің бірнеше университетінен жалпы 30 команда қатысты. Алғашқы кезең нәтижесі бойынша байқауға қатысқан 30 командадан 16 команда екінші кезеңге өтіп, ақтық кезеңге 8 команда іріктеліп алынды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ командасы байқауға Алматы қаласының экологиясын жақсарту бағытында дайындаған инженерлік жобаны ұсынды. Жобада арнайы веб-платформа арқылы Алматы қаласының экологиялық мәселелерін шешу жолдары, сол бағытта болашақта қаланың бас жоспарына байланысты 3D макеті ұсынды. Жоба жұмысының идеясы мен нақты шешімдерінің физикалық негіздері жоғары бағаланып, «Quantum Air» командасы III орынға иеленді.
Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев бүгін физика-математика факультетінің деканы Бақытғали Рахашев пен команда жетекшісі Эльмира Қожабекованы және «Quantum Air» командасының басшысы А.Өмірәліні қабылдады. Кездесу барысында Әлібек Нұрбайұлы бүгінгі таңда инженерлік ойлау, цифрлық технологиялар және экологиялық мәселелерді ғылыми тұрғыда шешу жастар үшін аса маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар университетте жас ғалымдарды қолдау мен ғылымды дамытуға ерекше мән берілетінін айтып, ғылыми ізденістеріне табыс тіледі. Мұндай жетістіктер студенттердің ғылыми әлеуетін арттырып, инновациялық жобалармен айналысуына үлкен серпін беретіні атап өтілді. Айта кетелік, команда құрамында жетекші Эльмира Қожабековадан бөлек, ментор Керімтай Әлішер, физика кафедрасының 1510-14 тобының студенттері Өмірәлі А., Асанхан Г., Бексейіт Ж., Байбосын А., Есенгелдиева Ұ., Таласбек Н. бар.

Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ