«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Тарихшы және этнолог, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ахмет Тоқтабайдың «Қазақтың достары мен қастары» кітабының тұсаукесері өтті. Шараны Әлем тарихы және дінтану кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Орынбасарова ұйымдастырды.
Оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысқан тағылымды шараны Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізді. Ол кітап авторы Ахмет Уәлханұлының бұған дейінгі ғылыми зерттеулері мен жинақтары туралы кеңінен мағлұмат берді. Ал, кітап таныстырылымын жасаған автор зерттеу еңбегін шығарудағы мақсаты мен деректерді іздену барысы туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Аталған еңбекте ХYIII ғасырдың соңынан ХХІ ғасырға дейін қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеген орыс және шетелдік ғалымдар, саяхатшылар мен қайраткерлердің қызметі туралы жазылған. Автор олардың қазақ ғылымы мен қоғамына қосқан үлесін, зиянын саралап, шын жанашырларды ерекше атап көрсетеді. «Қазақ үшін қызмет еткендер» және «Қазаққа қарсы болғандар» деп бөліп, әрқайсысының нақты еңбегіне баға беріледі. Жинақтың мақсаты — тарихи шын бейнені ашу.
Тұсаукесер рәсіміне қатысқан Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының өкілі Айтбаев Талғат Ергенұлы автордың тарихи еңбегінің кеңестік кезеңде бұрмаланған тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі маңызы зор екенін атап өтті. Тарихи құнды жинақ қатысушылар мен университеттің Ә. Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасына сыйға тарту етілді.

Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ