КҮЛЕ БІЛУ — ӨНЕР!
Университеттегі «Мұра» ХШО жанынан «Жайдарман» үйірмесі ашылғалы жастар өміріне жан кіріп, «тамырына қан жүгіргендей». Үйірме жетекшісі, белгілі жайдарманшы Тағай Нұралиевтің ұйымдастыруымен өткен бірнеше көңілді кеш студенттерге көтеріңкі көңіл-күй, әдемі әзіл-қалжың сыйлауда.
Соның бірі бүгін, яғни 1-сәуір — Күлкі күніне орай ұйымдастырылған «Күле білу — өмір» атты концерттік бағдарлама болды. Залдағы көрерменді ду күлкіге бөлеген Тағай Нұралиевтің тізгініндегі концертте Филология факультетінің «16 қыз» құрамасы, Тарих және педагогика факультетінің «1+1» құрамасы өнер көрсетті. Басшылық құрам мен оқытушылармен әзілі жарасқан үйірме жетекшісінің жарасымды әрі өткір әзілдері қазақы қалжыңның құнарын ұғындырғандай. Әсерлі әзіл-қалжың аясында жастардың зор сүйіспеншілігіне бөленген бірінші проректор Баршагүл Исабек «Жайдарманның анасы» номинациясын, жұмыс чаттарында тәрбие бағытындағы шараларды ұйымдастырып, үйлестіруші Қайрат Анарбаев «Үздік аудиодыбыс», ал бас бухгалтер Күмісай Қыстаубаева «Кассаның королевасы» номинацияларымен марапатталды. Ал, белгілі дизайнер, «Мұра» ХШО жетекшісі Марат Ерімбетовке «Подиумның патшасы», фотограф Береке Сейітжаппарға «Бір көз», тағы басқаларға түрлі марапаттар беріліп, ойындар ойнатылды.
Көңілді кеш аясында студенттер ән айтып, сахна сәнін келтірді. Сөз тапқыштығымен, биік мәдениетімен, кәсіби интонациясымен көрерменді баурап алған Тағай Нұралиевтің залды ырқынан шығармай, екі сағатқа жуық тырп еткізбеген шеберлігіне көрермен тәнті болып, ду қол шапалаққа бөледі. Биылғы Күлкі күні ОҚПУ-лықтарға осылайша ерекше әсер қалдырды. Күліп жүрейік!

Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ