ҚАЙТА ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін университетте педагогтік қайта даярлау бағдарламасын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті. Бұл іс-шара – тыңдаушылардың бірнеше айлық еңбегінің нәтижесін айқындайтын, олардың кәсіби өміріндегі маңызды кезең.
Бағдарлама барысында тыңдаушылар педагогика мен психология негіздерін, пәнді оқыту әдістемесін, заманауи білім беру технологияларын жан-жақты меңгеріп, мектеп базасында кәсіптік практикадан өтіп, өз білімдерін тәжірибеде шыңдады. Қорытынды аттестация нәтижелері олардың педагогикалық қызметке толық дайын екендігін көрсетті.
Салтанатты жиында университет Басқарма төрағасы – ректор м.а. Әлібек Нұртаев түлектерге арнайы сертификат табыстап, олардың ұстаздық белесіне ақ жол тіледі. Сондай-ақ, педагог мамандығының қоғамдағы рөліне тоқталып, бүгінгі білім беру жүйесі жаңашыл, ізденімпаз әрі бәсекеге қабілетті мамандарды талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, университет қабырғасында алған білім мен тәжірибенің алдағы кәсіби қызметте берік негіз болатынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар университет ұжымына алғыс білдіріп, қайта даярлау бағдарламасының мазмұны мен сапасы олардың кәсіби бағыттарын айқындауға зор ықпал еткенін атап өтті. Сертификат иегерлері енді білім беру ұйымдарында педагог ретінде қызмет атқарып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қоспақ. Бұл – олардың жаңа белеске қадам басқанын білдіретін маңызды жетістік. Аталған бағдарлама – білім беру сапасын арттыруға, педагог кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруге және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды бастама.



Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ