АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КЕЛГЕН ЧЕХИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Чехия Республикасының Палацк университеті арасындағы ынтымақтастық келісім шарты аясында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10 білім алушы келді. Шетелдік білім алушылармен бүгін университет Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев ресми кездесті. Ректор студенттерді жылы қарсы алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасының маңыздылығын атап өтті және олардың кәсіби және тұлғалық дамуында үлкен рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар, бұл бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және екі университет арасындағы білім беру саласындағы байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
— Біздің оқытушы-профессорлар сіздерге сапалы білім береді деп ойлаймыз. Қос оқу ордасы арасында бірнеше жылға ұласқан ынтымақтастық нәтижесі жастардың болашағына қызмет етуде. Жақында осы келісімдерді нығайту мақсатымен Палацк университетіне іссапармен бару жоспарланған. Оқу мақсатындағы мерзімді қызықты және сапалы өткізесіздер деп сенеміз. Егер қандай да нақты ұсыныстарыңыз, мәселелеріңіз болса тікелей қабылдауға кіре аласыздар, — деді Әлібек Нұрбайұлы.
Аталған бағдарлама шеңберінде шетелдік студенттер университет дәрістеріне және практикалық сабақтарға қатысып, оқу үдерісімен танысады. Олар сондай-ақ оқытушылар мен студенттермен тәжірибе алмасып, ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарға да белсенді түрде қатысатын болады. Бағдарлама барысында студенттер үшін мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, олар өңірдің тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік алады. Бұл шаралар студенттердің халықаралық тәжірибе алмасуына, мәдениетаралық қарым-қатынастардың нығаюына және достық байланыстың орнауына ықпал етеді.
Бүгінде осы мақсатқа барлығы 20-дан астам ерікті жұмылдырылған. «Бізге жайлы орта қалыптастырып, жаңа дүниетанымымызды арттыруға үлес қосып жатқаны үшін сіздердің университеттеріңіздің ерікті жастарына рақмет айтамыз. Жатақхана, асханада барлық жағдай жасалынған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып білім беру саласының білікті маманы атануға бар күш-жігерімізді арнаймыз» деді шетелдік студенттер Ректормен кездесу жиынында.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ