ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Қазақстан» мәжіліс залында Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект» кітабының тұсаукесері және «Қазақстанның ұлттық идеологиясы» жобасы аясындағы дәрісі өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, мәдениет және өнер саласының өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары мен студент жастар қатысты. Жиын бейнеролик көрсетілімінен басталып, қатысушыларға жаңа кітаптың мазмұны мен негізгі идеялары таныстырылды. Іс-шараның ашылуында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, Оразалы Сәбденнің ғылым мен қоғам өміріндегі еңбегіне тоқталды.
Кітаптың ресми тұсаукесер рәсімінен кейін сөз алған Оразалы Сәбден жаңа еңбегінде әлемдік өркениет, Абай мұрасы және жасанды интеллект дәуіріндегі адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтары мәселелерін жан-жақты қарастырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ғалым «Қазақстанның ұлттық идеологиясы» жобасы бойынша мазмұнды дәріс оқып, ұлттық бірегейлік, рухани жаңғыру, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы рөлі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев және ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы құттықтау сөз сөйлеп, автордың қоғамдық-саяси қызметі мен ғылым саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Кітап туралы пікір білдірген абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов еңбектің Абай мұрасын заманауи технологиялық үдерістермен сабақтастыра қарастырудағы маңызын атап өтті. Ал университеттің информатика кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Лаура Сүлейменова «Жасанды интеллекті білім беруде интеграциялау бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық технологиялардың білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктеріне тоқталды.
Оразалы Сәбден – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол бірнеше мәрте ҚР Парламентінің депутаты болып сайланып, ғылым, білім және экономикалық реформалар саласында жауапты қызметтер атқарған. Ғалымның 100-ден астам монографиясы мен кітабы, мыңға жуық ғылыми және публицистикалық мақаласы жарық көрген. Іс-шара соңында қатысушылар жаңа кітап төңірегінде пікір алмасып, ұлттық идеология, ғылым, білім және жасанды интеллекттің болашағы туралы көзқарастарын ортаға салды.



Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ