«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мектеп оқушыларына арналған «EduCampShym» 10 күндік оқу лагерінің бірінші легінің жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға университет Басқарма төрағасы-ректор м.а. Әлібек Нұртаев қатысып, лагерь жұмысының қорытындысын шығарды. «EduCampShym» жобасының негізгі мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, еңбекке баулуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету.
Он күн бойы оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, факультеттер ұйымдастырған танымдық кездесулерге, шеберлік сағаттарына және тәжірибелік сабақтарға қатысты. Бағдарлама барысында қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Лагерьдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Маркетинг бөлімі, университет факультеттері, Мәдениет бөлімі, Медиа орталық, Тәрбие департаменті және өзге де құрылымдық бөлімдер белсенді атсалысты.
Жабылу салтанатында университет ректоры лагерь жұмысына белсенді қатысқан мектеп мұғалімдерін Алғыс хаттармен марапаттап, олардың өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы мен кәсіби бағдарлануына қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.
«EduCampShym» оқу лагерінің бірінші легі өз мәресіне жетіп, қатысушыларға жаңа білім, тәжірибе және жарқын әсер сыйлады.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ