ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Университет Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек тиісті департамент, құрылымдар мен бөлім, орталық басшыларымен, сондай-ақ «Мұра» ХШО мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары талқыланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Құрылымдық бөлімдердің атқаратын жұмыстары сараланып, білім алушыларға қолайлы әлеуметтік-академиялық орта қалыптастыру, университеттің стратегиялық даму бағыттарын жүзеге асыру және белгіленген жоспарлардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
— Жаңа оқу жылы – алдымызға жаңа міндеттер қоятын маңызды кезең. Әр құрылым өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауға басымдық беруі қажет. Жұмысты жоспарлау барысында университеттің стратегиялық мақсаттары мен білім алушылардың мүддесі басты назарда болуы тиіс. Алдағы уақытта әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталып, жаңа оқу жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосуы керек», – деді Баршагүл Қашқынқызы.
Жиын барысында жауапты құрылым басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленді. Сонымен қатар, бөлімдер арасындағы өзара байланысты күшейту, жоспарланған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру және қойылған міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысында жаңа оқу жылындағы жұмыстарды уақтылы әрі сапалы ұйымдастыру, университеттің даму мақсаттарына сәйкес нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.


Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
100 күн: жұмыс нәтижелері
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ