Zhanibekov university logo

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТТЫҚ РУХ

21 Қазан 2026, 16:24
Медиа Орталық

 

Университеттің спорт залында мемлекет және қоғам қайраткері, академик, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденнің идеясымен ұйымдастырылған «Қоғамды ізгілендірудегі Абай ілімі және жасанды интеллект» олимпиадасының екінші кезеңі өтуде. «Ұлттық ойындар – ұлттық рух» деп аталатын кезеңде 6 команда қазақтың ұлттық ойындары бойынша өзара бақ сынауда. Қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және арқан тарту ойындарында ептілік, дәлдік, күш-қуат пен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетуде.

Кезеңнің басты мақсаты – ұлттық мұраны дәріптеу, жастардың дене белсенділігін арттыру және командалық бірлік пен ұйымшылдықты нығайту. Ұлттық рух пен заманауи білімді ұштастырған олимпиада қатысушылардың зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін дамытуға бағытталған. Университет жастарының ұлттық ойынға деген ептілігін Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, академик, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, декандар мен спорт жанкүйерлері тамашалады.