ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
19 Наурыз 2025, 18:00
Медиа Орталық
Мерекеде университет алаңында ұлттық спорттық ойындар, қолөнер көрмелері, аспаптар мен салт-дәстүрлердің тұтас алаңы ұйымдастырылды. Киіз үй тігіліп, ашық аспан асяында қолөнер көрмесі мен ұлттық спорт ойындары келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық аспаптар мен салт-дәстүрлер, этностиль алаңы Наурыз көрігін қыздыра түсті.
Ал, сахнада әр факультет бір ауыл ретінде қазақтың салт-дәстүрлерін көрермен назарына ұсынды. Қарт ұстаз, профессор Жүзбай Қырғызбайұлы мерекені ақ батамен ашып, өнерпаздар би билеп, ән шырқады. Беташар, шілдехана, ат қою, тұсаукесер, бесікке салу салттарының ұлттық педагогикалық ғылымға негізделіп, заманауи бұрмалаушылыққа ұшырамаған жарқын үлгілері көрсетілді.
«Ақбаян» сән театры ұсынған ұлттық киімдер үлгісі көктемге көрік беріп, сахна сәнін келтірді. Сондай-ақ, домбырашылар шеруі күйтартыс арқылы көпшілікке рух сыйласа, «Тұран» спорт клубының арқантартыс, алтыбақан ойындары ежелгі қазақ өміріне жетелейді. Наурыз мерекесін Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен қорытындылады.
Мерекелік шараға «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетіп, тұтастай бейнехабар түсірілді.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45