Zhanibekov university logo

БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

23 Қараша 2026, 11:46
Медиа Орталық

Студенттер апталығының соңғы күні ерекше атмосфераға, жарқын эмоцияларға және ұмытылмас сәттерге толы концерттік кешпен қорытындыланды.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай университеттің қоғамдық өмірін жандандыруға, жастардың шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін дамытуға, студенттік бастамаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар студенттер мен студенттік ұйымдар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек белсенді жастарды айтулы мерекемен құттықтап, алғыс хаттарды табыстады.

Студенттік өмірдің қызығы мен әсерлі шақтары, алғашқы сезім, студенттік махаббат пен жастық шақтың ерекше сәттері көрініс арқылы көрерменге ұсынылды.

Кеш – өнер мен шығармашылықтың, жастық жалын мен ұмытылмас естеліктердің тоғысқан сәті болды!