АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН ҚҰНДЫ ЕҢБЕК!
6 Наурыз 2025, 14:17
Медиа Орталық
Алаш идеясы — тәуелсіздігіміздің темірқазығы. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше.
Жақында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ кітапханасы Алаштануға арналған құнды еңбекпен, яғни Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Ғылыми Кеңесі ұсынған «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томдықпен толықты. Бұл көптомдық басылым Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің арнаулы мемлекеттік архив қорлары материалдарының негізінде дайындалған алғашқы деректік басылым және ОГПУ-дың Алашорда жөніндегі тергеу материалдарын жан-жақты, толық басып шығару жолындағы алғашқы қадам.
Жинақта кеңестік жылдардағы Алаш қозғалысы мен саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты "жабық қордағы" "құпия құжаттар" алғаш рет жарияланып отыр.
Жинақтың ғылыми жетекшісі — ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев.
Редакция алқасын Е.Қарин (бас редактор), Х.Әбжанов, Қ.Әлімғазинов, З. Қабылдинов, С. Қасымов, Д. Қамзабекұлы, Ә.Мұстафина, (жауапты редактор) , Г.Нұрымбетова құрайды.
Баға жетпес құнды еңбекті кітапханамызға сыйға тартқан Президенті Архивіне және XX ғ. саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу Орталығының басшысы Гүлшат Рамазанқызы Нұрымбетоваға алғыс білдіреміз! Алаш ардақтыларын ақтау, мұраларын насихаттау жолындағы тынымсыз еңбектенуші ғалымдар тобына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! Алаштануға арналған бұл құнды еңбек оқу орнымыздың тарихшыларына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға бағалы қазына болатынына сенеміз.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45