ЕРАСЫЛ — ЕҢ ҚЫРАҒЫ ҚҰСБЕГІ !
19 Ақпан 2025, 19:20
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 3-курс студенті Есболат Ерасыл Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Оңтүстік ауылында өткен республикалық құсбегілер сайысында бірінші орынды жеңіп алды!
Жастар арасында ҚР ХYI чемпионатында чемпион атанған Ерасыл қаршыға салудан қырағы бапкер атанды. Қыран баптап, құс түлеткен студент физика-математика мамандығы бойынша білім алуда.
Ұлттық дәстүрдің жеңімпазын университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Ерасыл Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында дүниеге келген. Ол құс баптауға бес жасынан әуестенген. Төлебидегі белгілі Кеуеновтер отбасылық саятшылар династиясының жиені қаршыға салып, қыран баптауды нағашыларынан үйренгенін айтады.
Осыған ұқсас
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
29 Қазан 2026, 13:42
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: «СТУДЕНТТЕРІ 100 ПАЙЫЗ САБАҚҚА КЕЛЕТІН УНИВЕРСИТЕТ»
29 Қазан 2026, 10:33
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
28 Қазан 2026, 12:48
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
28 Қазан 2026, 10:42
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
27 Қазан 2026, 11:51
100 күн: жұмыс нәтижелері
27 Қазан 2026, 10:40
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
23 Қазан 2026, 11:03
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
23 Қазан 2026, 09:45