Zhanibekov university logo

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

22 Қазан 2026, 11:57
Медиа Орталық

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында (Aichi-Nagoya 2026) пара дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Құлмырза Бексұлтан жеңімпаз атанып, Азия чемпионы атанды!

Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1409-15к тобының 2-курс студенті Бексұлтан Құлмырза халықаралық додада жоғары спорттық шеберлігін, қайсарлығы мен жеңіске деген жігерін танытып, алтын медаль иеленді. Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегі мен мақсатқа деген ұмтылысының нәтижесі, сондай-ақ университет ұжымы үшін зор мақтаныш.

Чемпионды жарысқа дайындаған жаттықтырушысы — Нұрбол Шайманов.

Бексұлтан білім алып жатқан Дене шынықтыру және спорт факультетінің тарихы 1966–1967 оқу жылынан басталады. Бүгінде факультетте 1000-нан астам студент пен магистрант білім алып, спорт саласының білікті мамандары даярлануда.

Факультетте кәсіби білім мен спорттық тәжірибені ұштастыруға, жас таланттарды қолдауға ерекше мән беріледі. Бексұлтанның жеңісі – осы бағыттағы жұмыстың және спортшының қажырлы еңбегінің жарқын көрінісі.

Университет ұжымы чемпионды тарихи жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейді!

Осыған ұқсас