АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Бүгін университетте «Абай ілімі арқылы Қазақстан қоғамын ізгілендіру» жобасы таныстырылып, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, академик, экономика ғылымдарының докторы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден ғалымдар мен жас зерттеушілерге ашық дәріс оқыды. Кездесуді Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек алғысөзбен ашып, Оразалы Сәбденнің ғылым мен мемлекет және қоғам жолындағы еселі еңбектерін таныстырды.
Аталмыш жоба барлығы 45 дәрістен тұрады. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның адамгершілік, әділеттілік, білім мен ғылым туралы ілімдерін қазіргі қоғам өмірімен сабақтастыра отырып, ізгілік құндылықтарын дәріптеуге арналды. Абай ілімі – ұлттың рухани жаңғыруына жол ашатын, адамды кемелдікке, қоғамды ізгілікке бастайтын маңызды бағдар. Осы тұрғыдан алғанда, аталған дәрістер топтамасы жастардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және қоғамдық сананы ізгілендіруге бағытталған.
— Әлемнің 66 елін араладым. Бүгінгі біз қайдан келдік, қай жолда тұрмыз, қайда барамыз? Қазір әлемге қарасаңыз, астаң-кестең. Рухани жұтаңданудан бізді құтқаратын — Абай мұрасы, — деген Оразалы Сәбден абайтану дәрісінің бүгінгі қоғам үшін маңызы мен оны білім беру және тәрбие үдерісінде қолдану мәселелеріне назар аударды. «Абайды тану – өзіңді тану, Абайды түсіну – адамдықтың биігіне ұмтылу» деген академик осы бағыттағы ашық дәрісті онлайн түрде де өткізіп тұратын болды.
Аталған жоба мемлекет және қоғам қайраткері, академик, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденнің идеясымен ұйымдастырылды.
Осыған ұқсас
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ