Zhanibekov university logo

УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

22 Қазан 2026, 17:20
Медиа Орталық

 

Университетте жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін қолдауға, тың идеялар мен зияткерлік бастамаларды дамытуға бағытталған «Ой қозғау» ғылыми орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге идея авторы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, мемлекет және қоғам қайраткері, журналист-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты лентаны қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараев қиды. «Ой қозғау» ғылыми орталығы – ғылыми әлеуетті арттыруға, зерттеушілердің шығармашылық ізденістерін ынталандыруға және білім мен ғылымды ұштастыратын тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта. Мұнда жас ғалымдардың идеяларын талқылауға, ғылыми пікір алмасуға және зерттеу бастамаларын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру көзделген.

Ашылу салтанатында университет түлегі, ақын, айтыс үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапия жаңа орталыққа арнау айтты. Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Исабек құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми орталықтың университеттің зияткерлік әлеуетін дамытудағы маңызына тоқталды. Ал, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жаңа орталыққа ақ батасын берді. 

Осыған ұқсас