Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ SCOPUS БАЗАСЫНДА 100-ІНШІ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ МЕЖЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ!

25 Қараша 2026, 10:36
Медиа Орталық

Шымкент, 2026 жылғы қараша. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің (Zhanibekov University) ғылыми-зерттеу қызметінде маңызды белес бағындырылды. 2026 жылдың қараша айындағы деректерге сәйкес, университет ғалымдарының халықаралық беделді Scopus дерекқорында жарияланған ғылыми мақалаларының жалпы саны 100-ге жетті.

Бұл көрсеткіштің сапалық деңгейі де жоғары: жарық көрген 100 еңбектің 74 мақаласы (74%) әлемдік ғылыми кеңістіктегі ең беделді Q1 және Q2 квартильді журналдарда жарияланған. Бұл университет зерттеулерінің халықаралық стандарттарға сай екенін және әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қол жеткізілген нәтиже — оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарының жүйелі еңбегінің, сондай-ақ университетте ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған кешенді қолдау саясатының жемісі. Алдағы уақытта да Zhanibekov University ұжымы іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларды дамытып, отандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды жалғастырады.