Zhanibekov university logo

ЖАЙДАРМАН – ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ САХНАСЫ

25 Қараша 2026, 18:55
Медиа Орталық

Университетіміздің Мәдениет және жастар саясаты бөлімі мен «Жайдарман» КТК үйірмесінің ұйымдастыруымен факультетаралық сайыс өтті. Әзіл мен тапқырлық тоғысқан өнер кешінде білім ордасының белсенді жастары ұтқыр әзілдерімен, тың идеяларымен және жоғары сахналық шеберліктерімен көрермен көңілінен шықты.

Бұл жолғы зияткерлік әрі әзіл додасында университеттің бес факультетінен іріктелген алты команда бақ сынады:

  • Филология факультетінен – «Құдаша» және «16 қыз»;

  • Жаратылыстану факультетінен – «Байтұрсынов 13»;

  • Дене шынықтыру және спорт факультетінен – «Спортокус»;

  • Физика-математика факультетінен – «Баян сұлу»;

  • Тарих және педагогика факультетінен – «Кузер».

Тартысты өткен сайыстың қазылар алқасы шығарған қорытынды бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • I орын – «Құдаша» командасы;

  • II орын – «Кузер» командасы;

  • III орын – «16 қыз» командасы.

Шараның басты жаңалығы – үздік деп танылған қатысушыларға Түркия Республикасына екі жолдаманың табысталуы болды. Арнайы жүлде Тағай Нұралиев пен Тарих және педагогика факультетінің 1-курс студенті Эркинова Шамшираванға бұйырды.

«Жайдарман» – әзіл мен күлкінің ғана емес, шығармашылық ізденістің, ұшқыр ой мен командалық бірліктің тоғысқан алаңы. Аталған өнер бәсекесі университет жастарының жан-жақты қабілеті мен өнерге деген құштарлығын тағы бір мәрте айқындап берді.

Жеңіс тұғырынан көрінген командалар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы шығармашылық бастамаларына сәттілік тілейміз.